Орал қаласының мейіргері ұшақта жолаушы өмірін сақтап қалды

Фото: Pexels
Орал – Шарм-эль-Шейх бағытындағы рейсте жағдайы нашарлай бастаған жолаушы құтқарылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Жолаушының қан қысымы күрт төмендеп, есінен танып, құса бастағаны белгілі. Ұшақта табылған Орал қаласы №5 емханасының кеңейтілген практика мейіргері Динара Сариева оның өмірін сақтап қалған. Оның тарапымен 1 сағат бойы шұғыл медициналық көмек көрсетілді.
Нәтижесінде ер адамның жағдайы тұрақталды.