Олжас Бектенов Ақмола облысындағы су тасқынына қатысты шараларды тиімсіз таныды

Үкімет фото на taspanews.kz от 15 апреля 2025 14:13
Фото: Үкімет

2025 жылы 15 сәуір күні ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқыны жағдайына қатысты мәселе қаралды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Үкіметтің баспасөз орталығына сілтеме жасап.


Сәуір айының басында Ақмола облысындағы 100-ден астам үй-жайды су шайып кетті. Қазіргі таңда ахуал тұрақталғанмен, апат салдары толығымен жойылған жоқ. Ресми хабарламаға сәйкес, апатты жағдайлар елді мекендерді қорғау бойынша инженерлік жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуінен орын алған. Су тасқынына қарсы шараларды жоспарлау мен орындауда олқылықтар болғаны анықталды.


Премьер-министр Ақмола облысындағы су тасқынына қарсы қабылданып жатқан шараларды тиімсіз атады. Жоспарды қайта қарап, жер телімдері су астында қалған тұрғындарға көмек көрсетуді тапсырды.


"Ескі Қалқұтан аулында Қалқұтан өзенін тазарту, жағалауын бекіту және тереңдету жұмыстары 3 шақырымдай ғана учаскеде жүргізілген. Ал жоба бойынша 11 шақырым бекітілуге тиіс болатын. Сонымен қатар Макинск қаласына да су жайылды", – делінген Үкіметтің ресми хабарламасында.

Следите за новостями Taspanews