Некені күшпен қиғызғаны үшін бас бостандығынан айыру қарастырылуда

Pexels фото на taspanews.kz от 28 мая 2025 18:57
Фото: Pexels

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне "Неке қиюға мәжбүрлеу" атты жаңа 125-1 баб қосылуы мүмкін, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.


Депутаттар жаңа толықтыру ұсынды. Заңға толықтыру енген жағдайда 2 жылға бас бостандығынан айыру, бас бостандығын шектеу, түзеу жұмыстары мен айыппұл қарастырылады. Егер бұл әрекет кәмелетке толмағанға қатысты жасалса, адамдар тобының күш қолдануы мен қызмет бабын асыра сілтеушілік орын алса, бас бостандығынан айыру 3 жылдан 7 жылға дейінгі аралықта қарастырылады.


Егер де жәбірленушіге ауыр зардап келтірілсе, оның бас бостандығы 5 жылдан 10 жылға дейін шектелмек.Үкімет ұсынысына сай, құқық бұзушы ұрланған адамды еркіне жіберген жағдайда да жауапкершілікке тартылатын болады.


Следите за новостями Taspanews