Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық қорытындысы жарияланды

Фото: GOV.kz
2025 жылғы негізгі ҰБТ басталғаннан бері 52 мың рет тест тапсырылған, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
Қорытынды бойынша 62% талапкер шекті балл жинады, орташа балл 5 пән бойынша 61 баллды құрады. Ең жоғары балл – 140 балл.
Қатысушылардың 20%-ы «Математика-Физика», 17%-ы «Шығармашылық емтихан» және 11 %-ы «Биология-Химия» комбинациясын таңдады.
Тестті ерекше білім беру қажеттілігі бар 163 оқушы тапсырды.
Ереже бұзған 55 адам нәтижесі жойылды. Бөтен адам тіркелген жоқ.
Негізгі ҰБТ 7 шілдеге дейін өтеді.