Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі бойынша 3,5 мың тұрақты жұмыс орны пайда болады
Фото: GOV.KZ
2024-2030 жылдары Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту бойынша 6 инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Осы жобаларды іске асыру аясында 3,5 мың тұрақты жұмыс орны, құрылыс кезінде 16 мыңнан астам уақытша жұмыс орны қолжетімді болады. Бұл туралы 2025 жылы 5 мамырдағы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.
Аталған шаралар мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес іске асады.