Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі бойынша 3,5 мың тұрақты жұмыс орны пайда болады

GOV.KZ фото на taspanews.kz от 05 мая 2025 11:56
Фото: GOV.KZ

2024-2030 жылдары Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту бойынша 6 инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Үкіметке сілтеме жасап. 


Осы жобаларды іске асыру аясында 3,5 мың тұрақты жұмыс орны, құрылыс кезінде 16 мыңнан астам уақытша жұмыс орны қолжетімді болады. Бұл туралы 2025 жылы 5 мамырдағы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.


Аталған шаралар мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес іске асады.


Следите за новостями Taspanews