Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Фото: Olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Дохадағы спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Olympic.kz сілтеме жасап.
Еркін жаттығу бағдарламасы бойынша үздік нәтиже көрсеткен Милад Карими 14.466 ұпай жинады. Осылайша, ол сайыстың чемпионы атанды.
Алтынхан Темірбек 13.633 ұпаймен күміс жүлде иеленді.
Үшінші орында 13.600 ұпай жинаған Ұлыбритания елі спортшысы Сэм Мостоуфи.