Мемлекеттік рәміздер күні: Ұландықтармен бірге салтанатты шеру өтті

Фото: ҚР Ұлттық ұланы
Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Үлгілік-көрсетімді оркестрінің салтанатты шеруі өткізілді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Мемлекеттік рәміздер күні 4 маусым екені белгілі. Бұо күні Туға, Елтаңба мен Әнұранға ерекше құрмет көрсетіледі. Шеруде Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері көк Туды салтанатпен алып шықты. Ұлттық ұлан музыканттары Әнұран шырқады.
«Мемлекеттік рәміздер күні – әрқайсымызға патриотизмнің, еліміздің тарихы мен мәдениетін құрметтеудің маңыздылығын еске салады. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты елді сүюге тәрбиелейді»,