Мемлекеттік қызметкерлерді жасанды интеллектке оқыту бағдарламасы іске қосылды

2025 жылы 30 мамырда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Google.org және халықаралық Apolitical платформасымен серіктестікте Build With AI for Public Sector 2025 бағдарламасын іске қосқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ЦДИАӨМ сілтеме жасап.
Бағдарлама жоғары лауазымды да, қатардағы жұмысшыларды да қамтитын болады. Оқу Google компаниясының AI Sprinters әдістемесіне негізделіп, Apolitical платформасымен бірлесе жүзеге асады. Бұл бағдарлама алғаш рет Орталық Азияда ұсынылуда.
"Build With AI for Public Sector бағдарламасы көпдеңгейлі форматта іске асырылады, яғни стратегиялық және тәжірибелік деңгейлерді қамтиды. Оқыту үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде цифрландыру саласындағы стратегиялық шешімдер қабылдауға жауапты 100 мемлекеттік қызметші оқытылады. Екінші кезеңде әртүрлі министрліктер мен ведомстволардан 1 000 маман ЖИ құралдарын күнделікті қызметіне енгізуге бағытталған қолданбалы оқытудан өтеді. Үшінші кезеңде барлық мемлекеттік қызметшілерге Apolitical әзірлеген Government AI Campus онлайн платформасы арқылы бағдарламаның базалық деңгейіне ашық қолжетімділік беріледі",
Курсты аяқтаған қатысушыларға сертификат беріледі.
Бағдарламаны іске асырудың алғашқы кезеңінің нәтижелері және ЖИ шешімдерін енгізудің сәтті мысалдары 2025 жылдың қазан айында Астанада өтетін халықаралық Digital Bridge 2025 технологиялық форумы аясында таныстырылмақ.