Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын автоматтандыру бойынша жұмыстар жоспарланды

Depositphotos фото на taspanews.kz от 16 июня 2025 11:52
Фото: Depositphotos

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, тағайындаудан бас тарту, қайта есептеу, тоқтата тұру мен тоқтату процестерін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу бастамасы алға қойылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған жобаны «Ашық НҚА» порталында 2025 жылдың 27 маусымына дейін қоғамдық талқылауға шығарды.


Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту үшін МӘСҚ филиалдарының қызметкерлерін шешім қабылдаудан шеттету алға қойылды. Бұл қаражатты шотқа аударуды жеделдетпек. Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдерді уақытылы тоқтату мен тоқтату тұру қамтамасыз етіледі.


Пилоттық режімде «Электрондық үкімет» және «Электрондық еңбек биржасы» порталдары арқылы түскен өтініштер, екінші деңгейдегі банк өтініштері мен проактивті форматта әлеуметтік төлемдерді тағайындау қызметтері келісілген өтініштер қаралады.


«Бұл ретте өтініш берушілер белгілі бір критерийлерге сәйкес келуі тиіс: тек бір төлеушіден (ЖК, шаруа қожалығының басшысын, жеке практикамен айналысатын адамды қоспағанда) әлеуметтік аударымдардың түсуі, оларды уақтылы төлеу (есеп берілетін айдан кейінгі екінші айдың 5-күнінен кешіктірмей), әлеуметтік аударымдар бойынша қызметкердің ай сайынғы табысының міндетті төлемдер бойынша ай сайынғы табысқа сәйкес келуі, сондай-ақ қажетті мәліметтерді алу үшін цифрландырылған құжаттардың толық пакетінің болуы және басқалар. Жоғарыда аталған критерийлер бизнес-процестерді оңтайландыру мен автоматтандырудың тиімділігін анықтауға көмектеседі. Пилоттық жобаның басталуы туралы қосымша хабарланатын болады», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews