Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен хабарласты

Фото: Ақорда
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшылары сауда-экономика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықтағы негізгі мәселелерді талқылады.
Екі жақ арадағы достық, татулық пен одақтастықты тірек еткен мемлекетаралық байланыстың дамып келе жатқанын атап өтті.