Мемлекет басшысы рақымшылық жасау туралы: «Жаза басқан жандарға жасалған нақты көмек»

Фото: Pexels

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституцияның 30-жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық жасау туралы бастамаға қол қойғанын жеткізіп, мұны жазаланғандарды қоғамға қайта оралуына жағдай жасау деп түсіну қажеттігін айтты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Президент бұл заң туралы құқық қорғау құрылымдары, депутаттар мен құқық қорғаушылар көтергенін ерекше атады. Жалпы саны 15 мың адамға амнистия жарияланғаны, оның 2 мыңнан астамы бостандыққа шығатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы рақымшылық ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар ғана рақымшылық алатынын ескерді.


«Ең алдымен, әлеуметтік жағынан осал топқа жататын адамдарға, яғни, баласы бар әйелдерге, егде адамдарға, кәмелет жасына толмағандарға және осы санаттағы басқа да азаматтарға кешірім беріледі. Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ, бұл – шын мәнінде қайырымды елге тән сипат», – деді ол.