Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етті

Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердымухамедовпен Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Гурбангулы Бердымухамедовпен жоспарланған бейресми кездесуден бөлек, Түркістанның біршама нысандарын аралау да алға қойылды. Соның ішінде, киелі Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етілді.


Түркі тілдес елдерге ортақ ескерткіш, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген кесенеде Құран бағышталды.


Мемлекет басшысы мен құрметті қонақ реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.