Мемлекет басшысы Қазақстанда жаңа жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы Заңға қол қойды

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ақордаға сілтеме жасап.
2025 жылы 8 мамыр күні ҚР Парламенті Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қаралып, мақұлданды. Аталған Заңға Мемлекет басшысы 12 мамыр күні қол қойды.
«ЖЭС-ке қатысты заң аясында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр стансасын және сыйымдылығы сағатына 600 МВт болатын қуаты 300 МВт энергия жинақтау жүйесін салу жоспарланып отыр»,