Мемлекет басшысы экобелсенділермен бірге ағаш отырғызды

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен қосылып ағаш екті, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында жүргізілген іс-шара аясында жүзеге асты.
«Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында ел бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет отырғызылды.