Мемлекет басшысы «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылуының 70 жылдығымен құттықтады

Фото: GOV.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылуының 70 жылдығымен құттықтап, ел халқына, ғарыш саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне үндеу жолдады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы 1957 жылы осы жерде жасанды Жер серігі ұшырылып, ғарышты игеру дәуірі басталғанын айтты. 1961 жылы алғаш ғарышқа ұшқан Юрий Гагаринді атап өтіп, бұл жердің тарихи маңызын еске түсірді.
«Біз әлемдегі ең ірі ғарыш айлағының қазақ жерінде орналасқанын ерекше мақтан тұтамыз. Халқымыздың қаһарман ұлдары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов осы арадан космосқа аттанды»,