Мемлекет басшысы: «Балалардың тамақтан жаппай улану деректері азаймай тұр»
Фото: Ақорда
2025 жылы 18 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалығымен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізілді. Өз сөзінде ол облыста орын алған мектеп оқушыларының улану жағдайларына тоқталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы улану фактілері азаймай тұрағанын айтып, 442 баланың зардап шеккенін еске түсірді. Мектептегі азық-түлік бойынша қауіпсіздіктің сақталмауы кесірінен болған оқиғалар екі жыл қатарынан қайталанды. Осы орайда Мемлекет басшысы Үкіметке жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқушылардың қауіпсіздігін қатаң бақылауды ұсынды. Білім беру мекемелері мен қызмет көрсету ұйымдары арасындағы жұмыстың сапалы жүргізілу қажеттілігіне аса мән берілді.
«Білім беру мекемелерінде болып жатқан келеңсіз оқиғаларды айтпай кетуге болмайды. Балалардың тамақтан жаппай улану деректері азаймай тұр. Бұл – әбден ұят нәрсе. Әкімдік осындай өрескел жағдайларға мүлде жол бермеуге тиіс. Жалпы әлеуметтік саланың маңызы айрықша. Себебі, біз – әлеуметтік елміз»,