Мемлекет басшысы Астана әуежайында құрметті қонақты қарсы алды

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды қарсы алды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Елодада екі тарап әңгімелесу жүргізді. Онда Мемлекет басшысы Вьетнамға жасаған сапарынан үлкен әсер алғанын жеткізді.


«Құрметті То Лам мырза, еліміздің астанасына қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыздың тарихи маңызы зор және Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ықпалдастықты кең ауқымда дамытуға тың серпін береді деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы оны әуежайда қарсы алғаны үшін Мемлекет басшысына алғысын білдіріп, қонақжайлығын ескерді.


«Бұл асқан қонақжайлылықтың және бізге көрсетілген құрметтің белгісі. Қазақстан мен Вьетнамды тамыры терең достық қарым-қатынас байланыстырады», – деді ол.

Мемлекеттік сапар барысында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіледі. Бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланды.