Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңа әкімін қабылдады

Фото: Ақорда
2025 жылы 26 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жаңа әкімі – Дархан Сатыбалдыны қабылдады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Жаңа әкім Президентке алдағы жұмыстың басым бағыттары, әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту бойынша жоспарын баяндады.
Өз кезегінде Президент экономикалық өсім, әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту, жол-көлік желісін жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу бойынша міндеттерді айқындады.
Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды 2024 жылғы 24 мамырдағы Президент Жарлығымен Алматы қаласы әкімі болып тағайындалып, бұрынғы қызметінен босатылды.