Мемлекет басшысы Әлия Молдағұлованың ескерткіш кешеніне гүл шоғын қойды

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе қаласына келіп, Әлия Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш кешеніне гүл шоғын қойды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақтың батыр қызының 100 жылдығы атап өтілуде. Осы орайда, Президент халықпен бірге бір минут үнсіздікпен тағзым етті.
«Әлия Молдағұлова – халқымыздың қайсар қызы. Бүгін 100 жылдығына орай арнайы келдім. Бұл, ең алдымен, азаматтық борышым. Тағзым ету үшін келіп отырмын. Баршаңызға көп рақмет. Әлияның есімін халқымыздың арасында, шетелде кең ауқымда дәріптеуіміз керек. Ол – біздің мақтанышымыз. Сондықтан оның есімі біздің жадымызда мәңгі сақталады»,
Мемлекет басшысы қалаға «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысу үшін келді.