Мемлекет басшысы Аквашаруашылық туралы Заңға қол қойды

Фото: Pexels
2025 жылы 12 маусым күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Аквашаруашылық туралы» Заңға қол қойды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ауыл шаруашылығына сілтеме жасап.
Заңда жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту, бәсекеге қабілетті аквашаруашылық нысандарын көбейту мен аквашаруашылықты қауіпсіз түрде дамыту алға қойылды.
«Заңда субсидиялау, жеңілдікпен несиелеу, сақтандыру, салық преференциялары, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары көзделген»,
Құжатта балық шаруашылығы су айдындары мен осындай қызметті жүзеге асыруға арналған учаскелер нақты бөлінген.
«Сонымен қатар аквашаруашылық саласына мемлекеттік бақылау енгізілді. Бұл жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану бағытындағы бақылаудың бір бөлігі саналады»,