Мектептерде оқушыларды кәсіптік бағдарлауға арналған жаңа цифрлық құрал енгізілуде

Pexels фото на taspanews.kz от 19 июня 2025 09:20
Фото: Pexels

Қазақстанда болашақ кәсіпті ертеден саналы таңдауға бағытталған «Оқушының қызығушылықтары мен дағдыларының икемді бейіні» атты 7-9 сынып оқушыларына арналған цифрлық құрал енгізілуде, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Бұл әдістеме арқылы оқушылар өз қызығушылықтарын айқындап, қабілеттерін анықтайды. Ол қазақстандық мазмұнға бейімделген. Сынақтан ел бойынша 10 мыңнан астам оқушы өтті.


Жоба жалпы білім беретін мектептерде енгізіледі. Цифрлық әдістемені Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен бірлесіп дайындады.


«Бұл құрал университеттердің 400-ден астам бағдарламасы, колледждердің 200-ге жуық мамандығы мен жұмысшы кәсіптерін біріктіретін Мансап компасы цифрлық платформасына енгізілген. Платформа оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың жеке кабинеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, бір цифрлық кеңістікте жүйелі кәсіптік бағдарлауды қамтамасыз етеді. Тест нәтижелері автоматты түрде өңделеді: оқушылар – жеке ақыл-кеңестер, педагогтер – заманауи сүйемелдеу құралдарын, ал ата-аналар – баланың даму сараптамасы мен динамикасы туралы ақпарат алады», – деп атап өтті Алтынсарин академиясының президенті Нәзипа Аюбаева.

Следите за новостями Taspanews