Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын ваучерлік қаржыландыру барлық өңірлерде енгізіледі

2025 жылдың соңына дейін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын ваучерлік қаржыландыру жүйесі елдің барлық өңірлерінде жүргізіледі, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
2024 ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы іске қосылғаннан бері жоба облыстық маңызы бар 15 қала мен екі өңірдегі 5 ауданда жүзеге асырылды. Атап айтқанда Тараз, Шымкент, Түркістан, Орал, Астана, Семей, Өскемен, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Жезқазған, Талдықорған, Қосшы, Қонаев қалалары мен Жамбыл облысындағы Байзақ, Түркістан облысындағы Сарыағаш, Сайрам, Мақтаарал, Қазығұрт пен Жетісай аудандарында ваучерлік қаржыландыру енгізілді.
Маусым және шілде айларында жобаға Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Алматы қосылады. Кейіннен елдегі барлық мектепке дейінгі ұйымдарда аталған жүйе енгізіледі.
Жүйе қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Ақша балаға беріледі. Қаражат ата-аналар баланың қатысу табеліндегі деректерді растаған соң аударылады.