Мектеп асханаларында қант диабеті балалар үшін диеталық ерекшеліктер ескеріледі

Pexels фото на taspanews.kz от 09 июня 2025 15:07
Фото: Pexels

2025 жылы 1 қыркүйектен бастап Қазақстандағы мектептерде қант диабеті, аллергиясы, целиакиясы бар балалардың диеталық ерекшеліктері ескерілетін болады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


Оқу жылы басталғанда мектептерде тамақтанудың жаңа стандарттары мен көпнұсқалы үлгілік мәзірі қолданысқа енеді. Бұл өзгеріс ҚР Премьер-министрі тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Қазақ тағамтану академиясы, ЮНИСЕФ пен ДДҰ-мен бірлесе әзірленіп, бекітілді.


Құжат мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік және білім беру-сауықтыру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыратын бірыңғай тәсілдерді қалыптастырады. Мәзірде жас санаттары мен маусымдық және ас блогы жоқ мектептердегі балалардың тамақтануы да ескерілген.


«Ас блогы жоқ шағын жинақталған мектептерде ыстық бутербродтан, ашытылған сүт өнімінен (йогурт), маусымдық жемістерден және сусыннан (сүт, айран, итмұрын сусыны, кептірілген жемістер, жидектерден) тұратын ланч-пакеттер дайындалады. Қазіргі уақытта мектеп әкімшіліктерін, медицина қызметкерлерін, тамақтану қызметтерін жеткізушілерді және Бракераждық комиссияның мүшелерін онлайн оқыту жүргізілуде. Кейіннен мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметкерлерін оқыту жоспарланған. Әзірленген мәзір Санэпидбақылау комитетінің ресми сайтында орналастырылды және білім басқармалары мен бизнес субъектілерін хабардар ету үшін Оқу-ағарту министрлігіне жіберілді», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews