Мәжіліс Салық кодексіне Сенат енгізген түзетулермен келісті

ҚР Парламенті Мәжілісі Салық кодексі мен салық салу мәселелері бойынша заңға Сенат енгізген түзетулермен келісті, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми мәліметке сілтеме жасап.
Еске салсақ, Сенат келесі өзгерістерді ұсынған:
Атап айтқанда фермерлер үшін прогресивті салық – табысы 230 000 АЕК-тен асатындарға 15% мөлшерлеме қарастырылды.
KASE-дегі дивидендтерге ЖТС бойынша жеңілдік (АХҚО тәрізді) – төлем карталарымен операциялар қосылған құн салығынсыз жүреді. Бұл жүйедегі ақауларды болғызбайды және төлем қызметтері қымбаттамайды.
Сән-салтанат заттарына акциз (автокөлік, кеме, ұшақ – ел ішінде сатылғанда да салынатын болады)
Мемлекеттік облигациялармен операциялар бойынша шетелдік инвесторлар үшін жеңілдік сақталады.
Құрамында 10 және одан да көп мүгедектігі бар қызметкері бар кәсіпорындар ҚҚС-тан босатылады. Отандық баспа басылымдарына қосылған құн салығы тек 10% құрайды.
Қайтарымсыз негізде берілген мүлік шаруа қожалықтары үшін салық салынбайтын табыс болып есептелмейді.
Одан бөлек Мәжіліс «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңмен келісті.