Маусымдық жұмысқа тарту: шетелдік жұмыс күшін тартуда кәсіптер тізімі кеңейтілмек
Фото: Pexels
Маусымдық шетелдік қызметкерлерді еңбекке тартуда кәсіптердің тізбесін кеңейту бойынша түзетулер енгізілуі мүмкін, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.
Түзетулер жобасы Ашық НҚА порталында орналастырылған. Жария талқылау оң нәтиже көрсетсе, 2026 жылы 1 қаңтардан бастап кәсіптер тізбесіне құрылыс саласындағы білігі жоқ жұмысшылар кіретін болады:
әртүрлі жұмыс атқаратын адамдар;
абаттандыру секторындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар;
қызмет көрсету саласындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар.
«Бұл ретте маусымдық шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер үшін салық ставкаларын мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылады: күнтізбелік 90 күнге дейін – 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);180 күнтізбелік күнге дейін – 60 АЕК;270 күнтізбелік күнге дейін – 90 АЕК;365 күнтізбелік күнге дейін – 120 АЕК»,
Түзетулер жұмысшыларды тартуға, заңды тұлғаларда жұмыс істейтін еңбек иммигранттарын көлеңкелі сектордан шығаруға және көші-қон заңнамасындағы бұзушылықтарды азайтуға бағытталған.