Маусымдық жұмысқа тарту: шетелдік жұмыс күшін тартуда кәсіптер тізімі кеңейтілмек

Pexels фото на taspanews.kz от 13 июня 2025 17:22
Фото: Pexels

Маусымдық шетелдік қызметкерлерді еңбекке тартуда кәсіптердің тізбесін кеңейту бойынша түзетулер енгізілуі мүмкін, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.


Түзетулер жобасы Ашық НҚА порталында орналастырылған. Жария талқылау оң нәтиже көрсетсе, 2026 жылы 1 қаңтардан бастап кәсіптер тізбесіне құрылыс саласындағы білігі жоқ жұмысшылар кіретін болады:


әртүрлі жұмыс атқаратын адамдар;


абаттандыру секторындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар;


қызмет көрсету саласындағы біліктілігі жоқ жұмысшылар.


«Бұл ретте маусымдық шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер үшін салық ставкаларын мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылады: күнтізбелік 90 күнге дейін – 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);180 күнтізбелік күнге дейін – 60 АЕК;270 күнтізбелік күнге дейін – 90 АЕК;365 күнтізбелік күнге дейін – 120 АЕК», – делінген ресми хабарламада.

Түзетулер жұмысшыларды тартуға, заңды тұлғаларда жұмыс істейтін еңбек иммигранттарын көлеңкелі сектордан шығаруға және көші-қон заңнамасындағы бұзушылықтарды азайтуға бағытталған.


Следите за новостями Taspanews