Маңғыстау облысында есірткі заттарын сақтау бойынша күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласынан және ішінен есірткі заттар табылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Тінту кезінде 2 түп қарасора, синтетикалық есірткіге ұқсас 3 пакет, 6 пакеттегі марихуана, пипеткалар, орамалар мен таразы тәркіленді.
ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Тәркіленген заттар бойынша сараптама жүргізіледі.
Күдікті қамауға алынды.