«Магнум» мен «Семейный» сауда желілерін бопсалаған блогерлерге қатысты сот отырысы өтті

Yandex фото на taspanews.kz от 21 мая 2025 09:44
Фото: Yandex

2025 жылы 6 мамыр күні Петропавл қалалық сотының «Магнум» мен «Семейный» сауда желілерін бопсалаған блогерлерге қатысты үкімі заңды күшіне енді, – деп хабаралйды KazTaspa.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Петропавл қаласының екі тұрғыны меншік иелерінің мүдделеріне зақым келтіретін ақпарат жинап, сауда желілерінде «рейд» ұйымдастырғаны белгілі. Кейіннен жазылған бейнероликтерді әлеуметтік желілерге жариялады. Осы жарияланымдардың ағынын тоқтату үшін олар ақша бопсалады.


Сотта айыпталушылардың күнәсі дәлелденіп, қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды. Екі азамат 7 жылға бас бостандығынан айырылды.


Следите за новостями Taspanews