Магистратураға түсу үшін өтініш қабылдау басталды

Фото: Pexels

2025 жылы 1 маусымда магистратураға түсу бойынша кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Testcenter.kz сілтеме жасап.


Тестілеуге өтініш қабылдау 8 шілдеге дейін жүргізіледі. Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.


Шығармашылық дайындықты көрсететін білім бағдарламалары топтары бойынша бейінді магистратураға түсушілерден құжат қабылдау 1 маусым мен 8 шілде аралығында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен жүзеге асады.


Тіркелушілер өтінішке қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өтінішке өзгеріс енгізе алады.


Тестілеуді өткізу уақыты мен күні жеке кабинетте 14 шілдеге дейін жарияланады.