Қызылордада қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Pexels фото на taspanews.kz от 30 мая 2025 09:44
Фото: Pexels

Қызылордада инвестициялық жоба ретінде таныстырылып, электросамокаттарды сатып алу мен оларды Еуропа елдеріне жалға беру арқылы жалған табыс көзін ұсынған қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ҚМА сілтеме жасап.


Жобаға қатысу үшін ұйымдастырушылар «HRT» шотына криптовалюта аударуды талап еткен. Кем дегенде екі жаңа салымшы тарту керек болды.


Айына 1 200 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отыруға үміттенген 200-ден астам адам ақша салып, алданған.


Ал алаяқтар бұл қаражатқа 2 автокөлік алып үлгергені анықталды. Оларға тыйым салынды.


Күдіктілер үй қамақта.


«Сонымен қатар қазіргі уақытта «HRT» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін еліміздің жеті өңірінде – Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды», – делінген ҚР Қаржы мониторингі агенттігі хабарламасында.

Следите за новостями Taspanews