Қызылорда облысында жүк көлігі жүргізушісі жаяу жүргіншілер көпірін қиратты

ҚазАвтоЖол фото на taspanews.kz от 16 апреля 2025 17:25
Фото: ҚазАвтоЖол

2025 жылы 16 сәуір сағат 15:00-де Қызылорда облысының KAZ-06 «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1629 шақырымында жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ ақпаратына сілтеме жасап.


Қармақшы ауданы, «Қорқыт ата» кешені маңында SITRAK жүк көлігі жүргізушісі Қызылорда – Ақтөбе бағытымен қозғалып келе жатты. Жүгі көлігіне сыймай, шетке шығып тұрғаны белгілі. Жүргізуші мұндай жүк түрін тасымалдау ережесін бұзған.


Нәтижесінде, жүк көлігі жер үсті жаяу жүргіншілер көпірін қиратты.


Жол апаты орын алған тас жолы құрғақ, әрі сапалы болғаны анықталды. Барлық жолды бағыттайтын белгілері орнатылған II техникалық санаттағы жолда ақау болмады.


«Құрметті жүргізушілер! Жүк тасымалдау кезінде ерекше мұқият болыңыздар: жүктің үлкендігі мен бекіткіштерді тексеріңіздер, маршрут талаптары мен техникалық нормаларды сақтаңыздар, жол белгілері мен шектеулерге назар аударыңыздар», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews