Қызылорда облысында сотталған азамат сүйіктісімен неке қиды
Фото: Polisia.kz
Қызылорда облысы ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 39 жасар сотталған азамат сүйіктісімен ресми түрде некесін қиды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
ҚР Қылмыстық кодексі 188-бабы – «Ұрлық» бойынша жазасын өтеп жатқан азамат сүйіктісімен неке қиды. Бас бостандығынан айырылуына қарамастан ғашықтардың неке қию рәсімі мекеме әкімшілігімен рұқсат етілді.
«Бұл күнді көптен күттім. Сүйіктім маған қиын сәттерде тірек болды. Ол сенімін жоғалтпады. Осы сезім мені өзгеруге итермеледі. Болашақта отбасымды бақытты ету үшін бар күшімді саламын, — деді сотталған азамат»,