Қызылорда облысында балаларға арналған шығармашылық академия ашылды

2025 жылы 12 мамыр күні Қызылорда облысында шығармашылық және инновация академиясының ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Академия тәулігіне 3 мыңға дейін оқушыны қабылдай алады. Мұнда 40-қа жуық – ғылым, инженерия, шығармашылық, өнер, тарих, өлкетану мен цифрлық технология, спорт бағыттары бойынша үйірме жұмыс істей бастайды. Ғимарат ғылыми-техникалық, спорттық сауықтыру мен жүзу бассейндеріне арналған блоктарға бөлінген.
Академияның ашылуына Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірде 200 орындық оқушылар сарайы мен 50 орындық өнер мектебінің құрылысы жүруде екенін хабарлады. Сонымен қатар, облыс орталығында 300 орындық жазғы демалыс лагері ашылады.
