Қызылорда облысында ауыл шаруашылық жерлерді шегірткеден қорғау іс-шаралары жүргізілуде

 Pexels фото на taspanews.kz от 26 мая 2025 09:03
Фото: Pexels

Қызылорда облысында ауыл шаруашылық жерлерін басты зиянкестер – шегірткелерден құтқару мақсатында 10 мың гектардан астам жер өңделді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.


Маусымдық іс-шара аясында үйірлі шегірткелермен күрес жүргізілуде. Бүгінгі таңда Қарақұм, Сазды, Аққұм, Қосаман және Жіңішкеқұм ауылдық округтері аумағында өңделуге тиісті 17, 132 мың гектар алқаптың 10, 524 мың гектары өңделді.  


Облыста жалпы ауданы 60, 025 мың гектар жерде шегірткеден қорғау іс-шаралары жүргізілмек. Бұл бойынша мердігерлермен келісімшарттар жасалды.


«Үйірлі шегірткелердің дернәсілдерін анықтау мақсатында 445,8 мың гектар жерге зерттеу жүргізілді. Күрес шаралары АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитетінің бақылауымен өтуде. Егін алқаптарының зақымдану жағдайы тіркелген жоқ. Өңдеу жұмыстарының барысын Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Саят Сақмолдин қадағалап отыр, ал Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының шекарасында бақылауды Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы жүзеге асыруда», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews