Қыздарын террористік ұйым мүшелеріне күйеуге бермек болған Астана тұрғыны сотталды

Pexels фото на taspanews.kz от 24 апреля 2025 09:50
Фото: Pexels

Астана қаласы тұрғыны Сириядағы лаңкестік топқа қатысуға қатысты әрекеттерді дайындап, Telegram мессенджері арқылы терроризм насихаттаған, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Күдікті әйел адам Алматы әуежайында Түркия арқылы Сирияға ұшпақ болған жерінен ұсталды.  


Сотта оның өзінің кәмелетке толмаған қыздарын лаңкестік топ мүшелеріне Сирияға күйеуге беруін талқылағаны анықталды. Сонымен қатар, қарулы қақтығыстар жайлы оң пікір білдіргені белгілі.


Мемлекеттік айыптаушы әйелдің күнәсін дәлелдеді.


«Сот үкімімен кінәлі адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Астана қаласының прокуратурасы террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, мүлкі тәркіленіп, 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын, терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертеді», – lелінген Бас прокуратура хабарламасында.

Следите за новостями Taspanews