Қытайлық роботакси Еуропада іске қосылады

AP Photo/Andy Wong фото на taspanews.kz от 15 мая 2025 00:25
Фото: AP Photo/Andy Wong

Қытайлық интернет-алып Baidu Азия шекарасынан шығып, енді Еуропаға бет алды. Компания өзінің жүргізушісіз такси қызметі Apollo Go жобасын алдымен Швейцарияда, кейін басқа елдерде де іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды KazTaspa.kz The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.


Қазіргі уақытта Baidu Швейцария поштасына тиесілі PostAuto көлік компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер тараптар келісімге келсе, роботакси Швейцария көшелерінде 2025 жылдың соңына дейін пайда болуы мүмкін.


Компания Швейцарияда өз кеңсесін ашып, технологияны сол жерде сынауды көздеп отыр. Бұл Baidu-дың халықаралық кеңею жолындағы алғашқы қадамы болуы ықтимал.


Қытайдың Baidu роботаксиі тек Швейцарияда емес, Түркияда да пайда болады.


Baidu компаниясының Еуропаға шығу жоспары тек Швейцариямен шектелмейді — енді Түркия да назарда. Қытайлық техногигант Еуропадағы жүргізушісіз көлік нарығын жаулап алуға нақты ниетті. Бұл салада бәсекелестік күшейіп келеді.


Жақында Uber 2026 жылдан бастап Еуропада роботакси қызметін іске қосатынын жариялады. Ол үшін компания қытайлық Momenta стартабымен серіктестік орнатты. Ал АҚШ-та Uber жүргізушісіз көліктерді Google-дың еншілес компаниясы Waymo-мен бірлесіп сынақтан өткізіп жатыр.


Айта кетейік, WeRide атты тағы бір қытайлық компания Франция мен Швейцарияда жүргізушісіз автобустарды жолға шығарды.


Baidu компаниясының тәжірибесі мол


Baidu-дың Apollo Go жүйесі — жүргізушісіз көлік әлемінде жаңалық емес. Гонконгте жүргізушісіз көлік қолданымда, бірақ әзірше жолаушыларсыз. Ал Дубайда биыл компания 100 автономды көлік шығармақ. 2028 жылға қарай бұл санды 1000-ға жеткізуді көздеп отыр.


Следите за новостями Taspanews