Қытай Халық Республикасы Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға арнайы шақыртумен келеді

Фото: Ақорда
2025 жылы 16-17 маусым күндері Қазақстанға арнайы шақыртумен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар барысында ел басшылары жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізеді. Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту мәселелері сөз болады.
2025 жылы 17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекет басшылары қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өткізіледі.