Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

Фото: Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы
2025 жылы 28 мамыр күні Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін онлайн өткізуге мүмкіндік жасайтын qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты,– деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Айт мерекесіне орай Діни басқарма қайырымдылық акциясына үлес қосуға шақырды.
Бұл құрбан шалу тәсілін таңдаған азаматтар сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы төлем жасай алады. Қой мен ешкіні бір адам, ал ірі қара мен түйені 1-7 адам бірігіп шалса болады. Құрбандық шалынған соң тапсырыс беруші ұялы телефонына фото мен видео түріндегі есеп жіберіледі.
«Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл да құрбан шалу оффлайн және онлайн форматта жүзеге асады»,