Құрбан айттың екінші күні 25 мыңнан астам отбасыға ет таратылды

Фото: muftyat.kz
Қазақстанда 7 маусым күні ел бойынша құрбандық еті 25 770 мұқтаж отбасы мен 435 әлеуметтік мекемеге үйлестірілді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда 7 маусым күні 9142 мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде QURBAN.MUFTYAT.KZ сайты арқылы 903 өтініш онлайн форматта қабылданды.
7 маусым күні 7936 қой, 575 ешкі, 619 ірі қара мен 12 түйе құрбандыққа шалынған.