Қуандық Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма?

 Видеожазбадан кадр фото на taspanews.kz от 11 июня 2025 14:21
Фото: Видеожазбадан кадр

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа Қуандық Бишімбаев іліге ме деген сұраққа 2025 жылы 11 маусым күні Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев жауап берді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Журналистердің: «Бұрынғы ұлттық экономика министрі амнистияға ілігіп кетпей ме?» деген сұрағына Әсет Шыңдалиев нақты жауап берді:


«Жоқ, ілікпейді. Қандай да бір кінә формасына қарамастан, адам өліміне әкелген барлық қылмыстар амнистияға жатпайды», – деп атап өтті ол.

Сот Қуандық Бишімбаевтың әрекеттерін қасақана жасалған деп таныды. Бұл оған рақымшылық жасалмайтынының басты себебі болды.


Осылайша, ол бостандыққа тек 68 жасында шыға алады. Ал шартты түрде мерзімінен бұрын босау (ШМББ) үшін жәбірленуші тараптың келісімі қажет.


Осыған дейін Мәжіліс қабылдаған рақымшылық туралы заң 15 мыңға дейін сотталған адамды қамтитыны айтылды. Алайда заңда нақты көрсетілгендей, мынадай тұлғалар амнистияға жатпайды:


  • undefined
  • undefined
  • undefined
  • undefined

Еске салсақ, 2023 жылғы 8-інен 9-қарашаға қараған түні Астанадағы Bau мейрамханасында бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев өз әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып-соққан. Оның айтуынша, жұбайы жарақаттарын «құлап кеткен кезде» алған. Алайда бақылау камераларының жазбалары мен телефонынан табылған аудио мен видео деректер оның Салтанатты бірнеше мәрте соққыға жыққанын және моральдық тұрғыда қорлағанын көрсетті.


Жедел жәрдем шақырудың орнына, Қуандық Бишімбаев балгерге жүгініп, оқиғаның ізін жасыруға тырысты. Жазбаларды өшіріп, жұбайының телефонын үйіне апарып тастады. Кейін белгілі болғандай, Салтанат алған жарақаттардан көз жұмды.


Тергеу анықтағандай, экс-министр әйелін 10 сағаттан астам уақыт бойы азаптаған. Ұрып-соғу көріністері бейнеленген видео – басты дәлел ретінде танылды. Бұл сот процесі қоғамда кеңінен резонанс тудырып, отбасылық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтетін заңның қабылдануына түрткі болды.


Следите за новостями Taspanews