Қостанай облысының 5 ауданында шегірткемен күрес белсенді жүргізілуде
Фото: Pexels
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қостанай облысына жасаған жұмыс сапарында егін шаруашылығына зиян келтіретін үйірлі шегірткеге қарсы жүргізілген фитосанитарлық шаралар барысымен танысты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Облыс аумағында мониторингтік зерттеулер жүргізілуде. Қазіргі таңда 322,85 мың гектар – аумақтың 49,7%-ы өңделді. Қолданылып жатқан препараттар 82% деңгейінде тиімділік көрсетті.
«Шегірткелер бар, бірақ ошақтар жеке-дара, жағдай бақылауда. Техника тоқтаусыз жұмыс істеуде, мамандар үнемі байланыста, шұғыл әрекет етеді. Менің ойымша, шаруашылықтар тек бақылаушы болмауы тиіс. Егістікке тікелей қауіп болмаса да, алдын алу маңызды. Біз өз алқаптарымызды тұрақты түрде тексереміз және алғашқы белгілер байқалса, бірден өңдеу жүргіземіз. Бұл – қалыпты жұмыс тәсілі»,
Министр Қостанай облысында жұмыс дұрыс жүргізіліп жатқанын айтты.
Айта кетсек, 2025 жылғы фитосанитарлық болжамға сәйкес, елде үйірлі шегірткелер шамамен 2,1 млн гектар аумаққа таралады. Қазіргі таңда 15 облыста 1,7 млн га жер химиялық өңдеуден өтті.