Қостанай облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

istockphoto.com фото на taspanews.kz от 20 мая 2025 13:36
Фото: istockphoto.com

Қостанай облысында 20 мамыр күні таңертең адам өлімімен аяқталған ауыр жол апаты болды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


«Қайрақ» шекаралық бекетінен шамамен 2 шақырым жерде шетелдік он жолаушысы бар Ford Transit шағын автобусы DAF жүк көлігімен соқтығысқан.


Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сай, алты адам оқиға орнында көз жұмды, тағы бес адам түрлі жарақаттармен Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді.


«Аталған жол апаты бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі – бірнеше адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында тергеу-жедел тобы мен сарапшылар жұмыс істеуде. Апаттың мән-жайы анықталуда», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.


Куәгерлердің айтуынша, апат кенеттен болған.


«Дәрігерлер зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетуде. Кейбірінің жағдайы ауыр деп бағалануда»,


– деді полиция.


Следите за новостями Taspanews