Қостанай облысында жоғалған адамның денесі алты күннен кейін табылды

Pixabay.com фото на taspanews.kz от 14 мая 2025 15:20
Фото: Pixabay.com

Қостанай облысында алты күн бойы жүрген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде мамырдың 6-нан 7-не қараған түні жоғалып кеткен 22 жастағы Евгений Кузьминнің денесі табылды. Бұл туралы «Дос» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері хабарлады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz .


Дереккөздегі ақпаратқа сай, жас жігіт Қостанайдағы барлардың бірінде болған. Таңғы 03:00 шамасында көшеге шығып, кейін жоғалып кеткені белгілі. Туыстары мен достары бірден көмек сұраған. Кейіннен белсенді іздеу жұмысы басталды.


"Бүгін су астындағы жұмыс кезінде сүңгуірлер өзеннен Евгенийдің денесін тапты. Ол шамамен 3,5 метр тереңдікте, жағадан 20 метр қашықтықта болған", – делінген хабарламада.

Тергеу органдары тексеріс жүргізуде. Оқиғаның нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.


2024 жылғы ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда із-түзсіз жоғалғандардың жалпы саны 2098 адамды құрайды.


Следите за новостями Taspanews