Қостанай облысында республикалық маңызы бар жолды су шайды

ҚР ТЖМ фото на taspanews.kz от 17 марта 2025 09:36
Фото: ҚР ТЖМ

16 наурыз күні Қостанай облысы Жітіқара ауданында қардың еруі салдарынан республикалық маңызы бар KZ1005 «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 9-шақырымын су басты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап аймақта, Желқуар өзені бойында су ұзындығы бойынша 40 метр, биіктігі бойынша 10 сантиметрге жайылған. Көпір өткелінің болмауынан мұндай құбылыс жыл сайын қайталанады.


Елді мекендерге қауіп төнбеген, көлік қозғалысы бірқалыпты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кезекшілер жіберілді. Жүргізушілерге арналып мүмкін болатын қауіпті алдын алу мақсатында ескертпе белгі бағаналары орнатылды.


Следите за новостями Taspanews