Қостанай облысына су тасқынының алдын алу шараларына 1 млрд теңге бөлінді

Үкіметтің шешімімен Қостанай облысына су тасқынына қарсы шаралар жүргізу үшін 1 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл қаражат Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қорғаныс бөгеттері мен өзге де гидротехникалық құрылымдарды салу үшін облыстық бюджеттен бөлінген. Қаржы сондай-ақ Қостанай облысының Қарасу ауданындағы су бұру арнасын салуға жұмсалады.
Пресс-релизде 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде өңір инфрақұрылымына келген залал да баяндалған: бес көлдің тасуынан облыс аумағында 620 шаршы шақырымнан астам жер су астында қалған. Электр беру желілері мен электрмен жабдықтау жүйелері де зардап шеккен.
Үкімет болашақта болуы мүмкін су тасқынынан маңызды инфрақұрылым нысандарын –жолдарды, электр желілерін, фермерлік алқаптарды, мал жайылымдарын және егістік жерлерді қорғауды алға қойды.
Су тасқынына қарсы шаралар аясында Қостанай облысы, Қарасу ауданында ұзындығы 14,2 шақырым су бұру арнасын салу жоспарланған.