Қосшы қаласындағы өрт: газгольдердің жарылысын болдырмау 18 сағатқа созылды

Pexels фото на taspanews.kz от 02 мая 2025 23:42
Фото: Pexels

Қосшы қаласы, Республика көшесі бойында монша маңындағы жер асты газгольдеріндегі газдың жануы тоқтатылды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Өрттің шыққаны туралы хабар 2025 жылы 2 мамыр күні сағат 09:52-де берілді. Хабарламада бу бөлмесінде өрт 12 шаршы метрде оқшауланғаны айтылады. Одан бөлек, газ жанған. Газгольдерді салқындату ұзақ уақытқа жалғасты. Өртті сөндіру үшін жедел экипаж құрылды және полиция тартылды. Полиция адамдарды аумаққа кіруден шектеді.


Сағат 23:19-да өрттің толықтай сөндірілгені мәлімденді. Газгольдердің жарылысын болдырмау  сәтті іске асты. Белгілі болғандай, газгольдерді суыту 18 сағатқа созылды. Толықтай сөндіру қауіпті болғандықтан өзгеше тәсіл қолданылған. Бұл кранның деформациялануы салдарынан пайда болатын газдан шығатын будың жиналып қалуын болдырмау мақсатында жасалды. Соңғы ақпарат бойынша газ толығымен жанып кетті. Қауіп төніп тұрған жоқ.


Следите за новостями Taspanews