Қордағы ақшаны пайдаланбағаны үшін әже зейнетақысыз қалды

Фото: Astana TV
Петропавл қаласының 72 жастағы тұрғыны үш ай бойы банк картасынан ақша алмаған – қарт әйел шипажайға бару үшін қаражат жинап жүрген. Алайда банкке барғанда, шотында ақша жоқ екенін білген. Оның үстіне, зейнетақы төлемдері мүлде тоқтатылыпты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік қорғау бөлімінде заң бойынша картадан үш ай бойы ақша алынбаса, төлемдер тоқтатылатынын айтады. Егер адам қаражат жинап жүрсе, бұл туралы алдын ала өтініш жазуы керек. Әжейге ескерту хаты жетпеген, ол қоңырауды естімеген, ал әлеуметтік қызметкер оған жіберілмеген.
Енді отбасы бүкіл бюрократиялық рәсімдерден өтуі керек – төлемдер шілде айынан бастап қана қайта жалғасуы мүмкін.