Қонаев қаласындағы 5 қабатты үйден өрт шықты

Фото: Pexels
2025 жылы 27-28 сәуірге қараған түні Қонаев қаласы, 1-шағын ауданында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында өрт орын алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Өрт 15 шаршы метр аумаққа тарады. Құтқарушылар баспалдақ арқылы 14 адамды сыртқа шығарды. Оның төртеуі – балалар.
Оқиға орнында табылған газ балоны сыртқа шығарылды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.