Қонаев қаласында қант зауытын салу жоспарлануда

Pexela фото на taspanews.kz от 28 апреля 2025 12:34
Фото: Pexels

Қонаев қаласына жақын маңда қант зауыты салынуы мүмкін, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.


Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев пен шет елдік компания басқарушы директоры шейх Джамаль Әл Ғурайр осы тақырып бойынша талқылау жүргізді. Қант индустриясы бойынша көшбасшы – Біріккен Араб Әмірліктерінің Al Khaleej Sugar компаниясы Қазақстанда инвестициялық жоба іске асыруға ниетті.


Тараптар қант қызылшасына арналған жер учаскелерін таңдау мен ұйымдастыру туралы мәселелерді қарастырды.


Одан бөлек, сол жер учаскесіне су мен элект энергиясын қосу қолжетімділігі талқыланды.


Осы орайда Қонаев қаласына жақын аймақ таңдалды.


«Біз қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, толықтай автономды кәсіпорын құрғымыз келеді. Бұл қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді»,  — деп атап өтті шейх Джамаль Әл Ғурайр.

Следите за новостями Taspanews